Ел басының Қазақстан халқына Жолдауы.

14.12.2015

2015 жылдың 11 желтоқсанында Шалқар аудандық ауруханасысы медицина қызметкерлері арасында  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Кездесуге облыстық ақпараттық топ мүшесінің жетекшісі  Р:Рахиев, Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Бурамбаева қатысты. Жиынды аурухана бас дәрігері Ж.Былқайыр ашып,келген ақпараттық топ мүщелерімен таныстырды. Р.Рахиев биыл Ел басы 19 рет  Қазақстан халқына Жолдау жолдап тұрғанын,мақсат елдің саяси және экономикалық дамуына  атқаратын жұмыстарды нақтылап көрсету , дағдарыспен күресу жолдары туралы екенін айтты.Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы 7пайыздан 28 пайызға дейін көтерілетіні,яғни кәсіби дейгейіне,жұмыс істеу қабілетіне,жұмыстың сапасына қарай төленетіні сөз болды. Дағдарысты жеңудің жолы-Қазақстан халқының бірлігі!Әрбір адам жауапкершілікті сезініп,өзінен бастап,лайықты өмір сүруді өзі қолға алу керектігі айтылды.Ел басының Қазақстан халқына Жолдауы барлығымыз үшін компас тәрізді,мемлекетімізді  әртүрлі сынақтан алып шығатын.Сондықтан өзімізге міндеттелген тапсырмаларды аса жауакершілікпен орындауымыз керектігі бір ауыздан мақұлданды.