Ақпараттық топпен кездесу.

14.12.2015

10 желтоқсан күні  Алға аудандық аурухананың мәжіліс залында ҚР Президенті Н. Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру мақсатында облыс әкімі жанындағы ақпараттық топ мүшелері: облыстық индустриалды - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Р.Ә.Низамутдинов, облыстық маслихаттың депутаты, «Елек Алға» ЖШС директоры Ғ.М.Латыпов, мемлекет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Б.Бимұратов аурухана қызметкерлерімен кездесіп, Жолдауды түсіндірді.

        Р.Ә.Низамутдинов Жолдаудан туындайтын, жасалуға тиісті, әсіресе Алға ауданында алда  жасалатын жұмыстарды түсіндіріп, баяндады. Облыс бойынша  2014-2019  жылдары 20-дан астам жобаның жұмысы жүзеге асады.  Осы жылы 11 желтоқсан күні Алға қаласында ет өнімдерін қайта өңдейтін зауытты елбасымыз телекөпір  арқылы іске қосып, көрсетіледі, 80-нен астам жұмыс орны ашылады. Әрбіріміз жер алып,  бизнес-жоспар жасап, жоспарлаған жұмыстарымызды іске асыруға үкімет толық жағдай жасап отыр.

       А.Б.Бимұратов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын, елімізді экономикалық жағынан дамыту үшін қандай әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді орындауымыз керек екенін нақты дәлелдермен түсіндірді.

       Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев медицина қызметкерлерін, әсіресе  ішінде ата-ана ретінде балаларды оқыту мен жұмысқа орналастыруда кездесетін қиындықтар, содан шығудың қандай жолдары бар екені жөнінде сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

       Кездесуде  медицина қызметкерлері белсенділік танытты.