«Денсаулық фестивалі - 2015»

07.09.2015

«Денсаулық фестивалі - 2015»

         Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын қыркүйек айының алғашқы аптасында дәстүрлі Денсаулық фестивалі өткізіліп келеді. Осыған орай, 2015 жылдың 4 қыркүйек күні Қандыағаш қалалық орталық стадионда аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі - 2015» атты тақырыппен спорттық-мәдени шара өткізілді. Бұл шараға Мұғалжар ауданының әкімі С.Т.Шаңғұтов және барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудан жастары қатысып, таңғы жаттығуларды орындады. Таңғы жаттығулардан соң  флешмоб ұйымдастырылды.

       Аталған шара барысында Мұғалжар орталық аудандық аурухана қызметкерлері де белсенділік танытты және жылжымайтын медициналық көмек қызметтерін ұйымдастырды.